Қазақстанда жаңа баспана қымбаттады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2019 жылдың маусым айында жаңа баспананың шаршы метрінің бағасы орта есеппен 282 мың 530 теңгені құрап, өткен айдағы көрсеткіштен 0,1%-ға артты. Баспана бағасы 2018 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 2,4%-ға, былтырғы қаңтар-маусым айларымен салыстырғанда 3,1% өскен. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қайта сатылатын абаттандырылған баспананың 1 шаршы метрі маусым айында орташа 193 мың 188 теңге (мамыр айымен салыстырғанда 0,5%, 2018 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 2,4%, 2019 жылдың қаңтар-мамыр айларында былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,9% өскен), абаттандырылмаған баспана құны 120 мың 419 теңге (+0,6%, +1,8% және +2,9%) болды.
Жалға берілетін абаттандырылған баспананың 1 шаршы метрінің бағасы өткен айда орташа 1 436 теңгені құрады (+0,3%, +2,6% және +7,5%).
- Қазақстанның ЕАЭО елдеріне экспорты 13,5% азайды
- Қазақстандық аккумуляторлар ТМД елдерімен қатар тағы 4 мемлекетке экспортталады
- СҚО-да басқа өңірлерден қоныс аударатындарға 714 баспана салынады
- Атырау облысында шикізаттық емес өнімдер экспортының көлемі артады
-
2020 жылдың 11 айында Қазақстанда 430 мың тоннадан астам ет өндірілді – ҚР АШМ
-
«Алматы жастары» бағдарламасымен берілетін несие 18 млрд теңгеге өсті
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам