Қазақстанда жан басына шаққанда жұмыртқаны тұтыну нормасы 139 дананы құрайды - А. Евниев

None
None
АСТАНА. Қыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қазақстанда жан басына шаққанда жұмыртқаны тұтыну нормасы 139 дананы құрайды.

Бүгін ҚР Парламенті Сенатында өткен «Қазақстанда құс шаруашылығын дамытудың проблемалары мен перспективалары» атты дөңгелек үстелде ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Арман Евниев  осылай  мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Вице-министрдің айтуынша, соңғы жылдары еліміздегі халықтың жұмыртқаны тұтыну көлемі өсіп, сәйкесінше жан басына шаққандағы жұмыртқаның тұтынылуы да арта түскен. «Мәселен, 2000 жылы жан басына шаққандағы  тұтыну көлемі 102 жұмыртқаны құраса, 2008 жылы бұл көрсеткіш 187 данаға жетті. Яғни, осы сегіз жыл ішінде жан басына шаққандағы жұмыртқаны тұтыну 1,8 есеге өсті», деді А. Евниев. Оның айтуынша, 2008 жылы Ресейде адам басына шаққанда жұмыртқаны тұтыну 234 дананы, Қытайда - 294, АҚШ-та - 259 дана жұмыртқаны құраған. Ал бұндағы Ресейдің тұтыну нормасы 243 дана жұмыртқа ретінде белгіленсе, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бекіткен нормасы 243 дананы құрайды екен. «Қазақстанда жан басына шаққанда жұмыртқаны тұтыну нормасы 139 дананы құрайды. Яғни, бізде тұтыну мен қанағаттандыруды көтеру әлеуеті  баршылық», деді А. Евниев.

Келтірілген мәліметтерге қарағанда, 2009 жылдың маусым айындағы жағдайға сәйкес, еліміздегі шаруашылықтарда  32,8 млн. бас құс өсіріліп, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,4 пайызға артқан. Сондай-ақ, 2009 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында құс жұмыртқасының сатылуы 1 млрд. 276,7 млн. дананы құраған және өткен жылмен салыстырғанда 19,5 пайызға артқан.

Соңғы жаңалықтар