Қазақстанда жалдамалы жұмысшылардың жалақысы артып келеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда жалдамалы жұмысшылардың жалақысы артып келеді Бұл туралы бүгін XII АЭФ аясындағы Халықаралық еңбек ұйымының 100 жылдығына арналған конференцияда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі рейтингінде еңбек қатынастарының жай-күйін сипаттайтын компонент бойынша 2018 жылы 140 елдің ішінен 30-орынға көтерілген.

«Еңбек қатынастырын реттеу бойынша қазақстандық модель жұмыскерлер мен жұмыс берушілер мүдделерінің теңгерімі, әлеуметтік диалог негізінде дамып келеді. Жалдамалы жұмыскерлердің табыстары артуда», - деді ол.

Министр дерегінше, өткен жылмен салыстарғанда орташа атаулы айлық 7,5 пайызға артты. Елбасының тапсырмасы бойныша 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда ең төмен жалақы 1,5 есе көтерілді.

2018 жылы жұмыс берушілер түрлі квоталар мен өтемақыларға 116,3 млрд теңге бөлді. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 8 пайызға артық.

«Сонымен қатар қазіргі уақытта еңбек қатынастары жүйесі өзгеруде, жұмыспен қамтудың жаңа түрлері пайда болуда», - деді Б.Сапарбаев.

Соңғы жаңалықтар