Қазақстанда жағылған газ тарифін жаңа норматив арқылы есептеу ұсынылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанда газ тұтынудың «әлеуметтік минимумы» нормативін енгізу керек. Бұл туралы «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасының маркетинг жөніндегі орынбасары Арман Қасенов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы орайда ол жағылған газ көлемі тиісті лимиттен асқан жағдайда тұрғындар үшін төлем сомасы да өсетінін айтты.

«Атап айтқанда, қолда бар ресурстарды дұрыс бөлу керек. Мәселен, солтүстік өңірлерде күзгі-қысқы кезең тоғыз айға жуық жалғасады. Осы орайда бір үйдегі қазандық шамамен 500-1000 текше метр газ жағады. Ал, оңтүстік және батыс аймақтарда бір үй газды үш есе көп жағады. Бұл тұрғыда осы үйлердің жанында қандай да бір бизнес бар екенін, яғни қонақүй, дүкен және басқа да нысандар іске қосылғанын білдіреді. Біз «әлеуметтік минимум» енгізгіміз келеді. Жеке тұрғын үй болса, ондағы конфорканы, газ пешін, қазандықты бір нормативке қамтимыз. Егер газ жағу көлемі осы орташа нормативтен артық болса, бұл ретте төлем басқаша есептеледі. Осы тектес талаптар әлемнің біраз елінде ескерілген», - деді А. Қасенов елордада өткен қоғамдық кеңес отрысында.

Бұдан бұрын хабарланғандай, QazaqGaz ірі коммерциялық ұйымдар мен майнерлерге газды қымбат бағамен беруді сұрады.


Соңғы жаңалықтар