+7 (701) 759 90 19
USD 420.65 EUR 505.03
RUB 5.64 CNY 65.01
Jańalyqtar

Қазақстанда зейнеткерлікке шығу жасы төмендей ме

2021 жылғы 24 ақпан 11:28
Бөлісіңіз:
Қазақстанда зейнеткерлікке шығу жасы төмендей ме

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде Әлеуметтік кодекс тұжырымдамасының жобасы әзірленіп жатыр. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Зейнетақы жинағын емделуге пайдалану үшін өтінім қабылдау басталды Қазақстанда ең жоғары зейнетақы 500 мың теңгеден асады Асқар Мамин «Еңбек» бағдарламасының тиімділігі туралы айтты

Қазіргі уақытта зейнетақымен қамсыздандырудың барлық үш деңгейі (ынтымақты, базалық және жинақтаушы зейнетақы) еңбек өтіліне байланысты. Бұл ретте ынтымақты зейнетақының мөлшері біртіндеп төмендейді. Өйткені, оны тағайындау барысында тек 1998 жылдың 1 қаңтарына, яғни жинақтаушы жүйе енгізілгенге дейінгі еңбек өтілі есепке алынады. Ынтымақты зейнетақының төмендейтін мөлшері міндетті зейнетақы жарнасын аудару кезеңінің артуы есебінен зейнетақының жинақтаушы бөлігінің артуы есебінен өтелуі тиіс», - деді Асқар Мамин.

Үкімет басшысының айтуынша, базалық зейнетақы зейнет жасына жеткен барлық тұлғаға зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты ең төменгі күнкөрістің 54-тен 100 пайызына дейінгі мөлшерінде беріледі.

«Демек, ұзақ жұмыс істеген сайын базалық зейнетақы мөлшері де жоғары болады. Зейнеткерлікке ерте шығу зейнетақы жарналарын аудару кезеңінің ұзақ болмауы байланысты қартайғанда жеткілікті зейнетақы төлемін алу үшін зейнетақы жинағының жеткілікті көлемін жинауға мүмкіндік бермейді. Сонымен қатар бұл базалық зейнетақының да мөлшеріне әсер етеді», - деді Премьер-Министр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT