Қазақстанда зейнетақының орташа көлемі - 109 мың теңге

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат - Осы жылдың 9 айында қазақстандықтарға 2,2 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне қарағанда биылғы қыркүйекте республикалық бюджеттен зейнетақы төлеміне 244,8 млрд теңге, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 74,5 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге – 170,3 млрд теңге бөлінді.

2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 261мың адам.

2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 109 171 теңге болды.

2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалатынын еске саламыз.


Фото: gov.kz




Соңғы жаңалықтар