Қазақстанда зейнетақы жинақтары бойынша ерлердің үлесі басым

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Басқарма төрайымы Нұрбүбі Наурызбаева зейнетақы жарналары бойынша мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жеке зейнетақы шоттарының жалпы саны 2018 жылдың 1 шілдесі кезінде 10 млн 192 мыңды құрады. Оның 9 млн 694 мыңы - міндетті зейнетақы жарнасы, 458 мыңы - міндетті кәсіби зейнетақы жарнасы және 39 мыңы ерікті зейнетақы жарнасы бойынша», - деп нақтылады Наурызбаева Парламент Сенатында депутаттармен өткен кездесуде.

Оның сөзіне қарағанда, міндетті зейнетақы жинақтары тұрғысында 9,2 млн шоттың 53 пайызы - ерлерге (4,9 млн), ал қалған 47 пайызы (4,3 млн) әйелдерге тиесілі.

«Биылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша белсенді салымшылардың үлесі, яғни шоттарына кем дегенде бір жарна түскендердің саны 64 пайызды құрады. 2017 жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 62 пайыз деңгейінде болды. Жалпы, 2017 жылдың барысында белсенді салымшылардың үлесі 69 пайызға жетті», - деді ол.

 

Соңғы жаңалықтар