Қазақстанда зейнетақы реформасын жасаған Дәулет Сембаев дүниеден озды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Егемен Қазақстанның алғашқы банкнотында қолтаңбасы бар тұлға бүгін түнде 87 жасқа қараған шағында дүниеден өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Танымал қазақстандық қаржыгер, металлург және саясаткер Дәулет Сембаев қайтыс болды.

Қаралы хабарды ҚР Ұлттық банкі растады.

Ол 1935 жылы 10 тамызда Алматыда дүниеге келді.

Тоқсаныншы жылдары Дәулет Сембаев Ұлттық банк төрағасы, премьер-министрдің орынбасары қызметтерін атқарды.

Дәулет Сембаев - Қазақстан Президентінің алғашқы экономикалық бағдарламасының қос авторларының бірі.

Сондай-ақ, Қазақстандағы ұлттық валютаны енгізуге қатысқан. Елдегі қазіргі банк жүйесін қалыптастырудың басы-қасында болды.

1958 жылы Қазақ тау-кен металлургия институтын инженер-металлург мамандығы бойынша бітірген.

Осы жылдар ішінде премьер-министрдің орынбасары, 1993-1996 жылдары - Ұлттық банк төрағасы, Сенат депутаты болды. 2009 жылдың желтоқсан айынан бастап Халықаралық бизнес академиясының Қамқоршылық кеңесінің мүшесі болды.

Ораз Жандосов, Григорий Марченко және басқа да еліміздің көрнекті қаржыгерлері өздерін сол кісінің шәкірті санайды.

Дәулет Хамитұлы «Құрмет белгісі» (1976), Еңбек Қызыл Ту (1981), «Парасат» (1996) ордендерімен және КСРО-ның екі медалімен марапатталған.


Соңғы жаңалықтар