+7 (701) 759 90 19
USD 447.67 EUR 491.36
RUB 5.74 CNY 63.07
Jańalyqtar

Қазақстанда зейнетақы 2019 жылдың қаңтарынан бастап көбейеді

2018 жылғы 28 қыркүйек 23:31
Бөлісіңіз:
Қазақстанда зейнетақы 2019 жылдың қаңтарынан бастап көбейеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова 2019 жылдың қаңтар айында ынтымақты зейнетақының индекстелетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанда зейнетақыны индекстеу Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жыл сайын және жылдың басында жүзеге асырылады. Ол инфляциядан 2 процентке алдыда жүреді, биылғы жылы біз бұл көрсеткішті 9 процентке жеткіздік. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап, индекстеу инфляцияның 2 процентімен қоса жүргізіледі»,-деді министр Парламент Мәжілісінде өткен жиыннан соң.

Оның сөзінше, базалық зейнетақының жаңа форматы оны 67 процентке көтеру дегенді білдіреді.

«1 млн-ға жуық зейнеткер базалық зейнетақыны ең төменгі өмір сүру көрсеткішінен 100 процент көлемінде ала бастады. Яғни, базалық зейнетақы олар үшін екі есеге артты. Жалпы, зейнетақы базалық, ынтымақты және жинақтаушы болып үшке бөлінеді. Ынтымақты зейнетақыны біз инфляцияны негізге ала отырып, 2 процентке артығымен индекстейміз. Ал базалық зейнетақыны Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша орташа алғанда 67 процентке арттырдық»,-деп түсіндірді министр.

Сондай-ақ ол қазіргі таңда Қазақстандағы зейнетақының деңгейі көршілес мемлекеттер мен ТМД-ға мүше елдердің қай-қайсысынан да жоғары екендігін атап өтті.

«Зейнетақының орташа мөлшері 3 компонентті қоса алғанда 101 мың теңгені құрайды»,-деп түйіндеді ведомство басшысы.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT