+7 (701) 759 90 19
USD 389.62 EUR 429.98
RUB 6.06 CNY 55.08
Jańalyqtar

Қазақстанда зейнет жасы 67 жасқа көтеріле ме: Әлихан Смайылов жауап берді

2019 жылғы 7 қазан 11:12
Бөлісіңіз:
Қазақстанда зейнет жасы 67 жасқа көтеріле ме: Әлихан Смайылов жауап берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда зейнетке шығу жасын 65-67 жасқа көтеру жоспарланып отырған жоқ. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ол жалған. Неге десеңіздер, журналист теріс ақпарат берді. 65-67 жасты айтқанда Еуропа мемлекеттерінің тәжірибесін мысалға келтірген едім. Бұл цифрларды тек мысал ретінде ғана келтірдім. Қазақстанда ондай жоспар жоқ. Қазір бұл мәселе талқыланбайды да», - деді Әлихан Смайылов БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Естеріңізге сала кетсек, еліміздің кейбір бұқаралақ ақпарат құралы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайыловқа сілтеме жасай отырып, елімізде зейнетке шығу жасын 65-67 жасқа көтеру мәселесі талқыланатындығын хабарлаған еді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT