Қазақстанда зертханалар алаяқтық әрекеттерге баруы мүмкін

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Ұлттық аккредиттеу орталығы» Әдіснама және нормалау департаментінің басшысы Алмат Орынғалиұлы отандық нарықтағы өнімдерді зертханалық сынақтан өткізудегі проблемаларды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, сынақ нәтижелерінің сенімсіз болуының себептері негізінен зертханалардың, сертификаттау органдарының белгілі бір процедураларды жүргізбей сынақ құжаттарын беру арқылы алаяқтық әрекетке баруы болып отыр.

«Егер сіз жарнамалық сайттарды ашсаңыз, өнімдерді, қызметтерді, менеджмент жүйелерін сертификаттау бойынша қызмет көрсетуге қатысты көптеген жарнаманы көресіз. Ал бұл қызметтерді заңда белгіленген тәртіпте аккредитациядан өтпеген тұлғалар, ұйымдар ұсынады. Жосықсыз зертханалардың болуы басқа зертханалардың жұмысына, олардың кірісіне, жоспарлауына әсер ететіні сөзсіз. Мысалы, ең төменгі құны 25 000 теңге болатын сынақтарды кейбір зертханалар 12 000, тіпті одан да төмен бағаға жасайды. Мұның өзі сынақтың жалған екенінің белгісі», - деді Алмат Орынғалиұлы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.


Соңғы жаңалықтар