Валюта бағамдары:
    usd/kzt 478.01 eur/kzt 488.81

    rub/kzt 7.91 cny/kzt 70.76
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Қазақстанда заңсыз жүрген 322 шетел азаматы елден шығарылды

2022 жылғы 30 маусым 13:43

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шетелдіктердің Қазақстанда болу ережелерін орындауды қамтамасыз ету мақсатында 27 маусым мен 4 шілде аралығында ел бойынша «Нелегал-2022» жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр.

ҚР Ішкі істер министрлігі таратқан деректерге қарағанда, полиция шара шетелдіктердің көп тұратын жерлеріне, құрылыс нысандарына, базарларға, ұйымдардың және шетелдіктердің жалдамалы еңбегін заңсыз пайдаланатын жұмыс берушілерге тексеру жүргізеді, сондай-ақ автокөлік құралдарын тексереді.

Операцияның екі күнінде көші-қон заңнамасының 3 762 рет бұзылғаны анықталды. Сондай-ақ шетелдіктердің еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырдың 1 239 жағдайы анықталып, 207 жұмыс беруші шетелдіктердің еңбегін рұқсатсыз пайдаланған. Ал шетелдіктердің келуі туралы ішкі істер органдарын уақытылы хабардар етпеу және елде болу ережелерін бұзу фактілер 1 509.

Соттардың шешімі бойынша елден 322 шетел азаматы шығарылды.


Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары