Қазақстанда заңсыз қоқыс тасталған 2,5 мың аумақ анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ғарыштық мониторинг нәтижесінде Қазақстанда заңсыз қоқыс тасталған 2,5 мың аумақ анықталды. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Түзілген қатты тұрмыстық қалдықтар көлемін айтарлықтай қысқарту үшін заңнамалық деңгейде «Waste to Energy» тетігі енгізілді. Бұл жерде қалдықтарды жағу арқылы электр энергиясын өндіріп, жаңартылған энергия көздері секілді, ортақ электр желісіне беру көзделген. Қоқыс жағатын зауыт салу үшін 6 қала анықталды. Биыл 14 мамырда аукциондық сауда-саттыққа қатысушылар тізіліміне енгізу үшін құжат қабылдау басталды», - дедй Мағзұм Мырзағалиев бүгінгі Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, тұрмыстық қалдықтарды қабылдайтын жалпы саны 3300 полигон бар. Алайда, оның 80-нен астам пайызы экологиялық және санитарлық нормаларға сәйкес келмейді.

«Сонымен қатар, бүгінгі күні ғарыштық мониторинг нәтижелері бойынша заңсыз қоқыс тастайтын екі жарым мың учаске анықталды. Осыған байланысты, Асқар Ұзақбайұлы, әкімдіктер полигондарды санитарлық және экологиялық талаптарға сәйкес келтіруді және үш ай мерзімде рұқсат етілмеген қоқыс орындарын жоюды тапсыруды сұраймын», - деді Экология министрі.


Соңғы жаңалықтар