Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 377.62 EUR 426.03
RUB 5.67 CNY 55.78
Jańalyqtar

Қазақстанда заң консультанттары мен адвокаттардың қызметі автоматтандырылады

2019 жылғы 12 ақпан 12:00 350
Бөлісіңіз:
Қазақстанда заң консультанттары мен адвокаттардың қызметі автоматтандырылады

  АСТАНА. ҚазАқпарат - Заң консультанттары мен адвокаттардың қызметі автоматтандырылады. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігі баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Ұқсас жаңалықтар
Жақып Асанов Ақтау қалалық сотының төрағасына қатысты жағдайға түсінік берді Жамбыл облысында жасөспірімдер арасындағы қылмыс азайды

Атап айтқанда, «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңын іске асыру мақсатында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және Заң консультанттары палаталарының қауымдастығымен «Е-Заң көмегі» Заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі» қызмет көрсету келісімшартына қол қойылды.

«Келісімшарт аясында «Е-Заң көмегі» жүйесін ҚР Жоғарғы соты, Бас прокуратура, Әділет, Ішкі істер, Білім және ғылым, Денсаулық сақтау министрліктерінің, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ның, сондай-ақ «Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі» АҚ-ның ақпараттық жүйелерімен ықпалдастыру бойынша жұмыстар жүзеге асырылатын болады», - делінген ведомствоның мәліметінде.

Айта кету керек, қазіргі таңда заң консультанттары мен адвокаттарға жеке кабинет ашылып, бірыңғай сайт жасалынған.

Осыған орай, «Е-Заң көмегі» АЖ заң консультанттары мен адвокаттардың қызметін автоматтандыруға және оңтайландыруға, халыққа заң көмегін көрсету кезінде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен ақпаратты жедел алуға, оны онлайн режімінде көрсетуге, қағаз құжат айналымын азайтуға, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен мәлімет алу кезінде уақытты үнемдеуге және қаржылай шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетсек, бұдан бұрын Әділет министрлігі, «Заң кеңесшілері палатасы» РҚБ және ҰАТ АҚ арасында жасалған Меморандум аясында Астана, Алматы, Қостанай, Қарағанды, Ақтау, Шымкент, Қызылорда, Павлодар, Көкшетау және басқа да қалаларының заңгерлері мен адвокаттарына жүйені қалай қолдану керектігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізген еді.

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
MURAǴAT