Қазақстанда ядролық сынақтан зардап шеккен 3 мыңдай адамға өтемақы тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл Қазақстанда Семей ядролық полигонындағы жарылыстардың салдарынан зардап шеккен 3 мыңдай адамға өтемақы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

29 тамыз – Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күрес күні. Қазақстанда ядролық сынақтар 40 жыл бойы жүргізілген.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жыл басынан бері Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккендерге біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы бойынша 2 924 төлем тағайындады. Зардап шеккендерге берілетін өтемақы мөлшері радиациялық қауіп аймақтарына қарай бөлінеді», делінген хабарламада.

Аталған біржолғы өтемақыны алу үшін сынақ салдарынан зардап шеккен аймақта тұрғандар тіркеуден өтіп, тиісті куәлік алуы тиіс. Бұл үшін мемлекеттік корпорацияның фронт-офисіне жүгіну қажет.

Қызметті алу үшін азаматтар өтініш жазып, төлқұжат көшірмесін, мекенжай анықтамасын, банктегі шотының нөмірін, сондай-ақ 1949-1990 жж. ядролық сынақтар өткен аймақта тұру фактісін растайтын құжаттарын өткізеді.

Айта кетейік, 2019 жылдың алғашқы алты айында Семей полигонынан зардап шеккен азаматтарға 5,7 мың куәлік берілді.

Соңғы жаңалықтар