Қазақстанда WhatsApp мэссенджері екінші күн қатарынан нашар жұмыс істеп тұр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар міне, екінші күн қатарынан танымал WhatsApp мэссенджерін пайдалануда қиындықтарға тап болып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Желіні пайдаланушылар 3 қыркүйек күні WhatsApp арқылы суреттерді жібере алмай отыр, сондай-ақ хабарлама мәтіндерінің де жеткізілуі қиын.

Instagram желісі де ауық-ауық жұмыс істемей қалады. Іздеу қызметі жоқ, сондай-ақ мұнда да суреттерді орналастыру мүмкін емес. Осындай жағдай WhatsApp желісінде кеше кешкісін де байқалған.

Кеше мэссенджерді пайдаланушылар біраз уақытқа дейін оны мүлдем қолдана алмай қалды. Ал құқық қорғау органдары мен өзге де мемлекеттік органдар әлеуметтік желілерге қолжетімділік мәселесіне қарасты ешқандай пікір білдірмей отыр.


Соңғы жаңалықтар