+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Қазақстанда валюталық депозиттер 12,1 пайызға төмендеді

2019 жылғы 12 қараша 10:51
Бөлісіңіз:
Қазақстанда валюталық депозиттер 12,1 пайызға төмендеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда валюталық депозиттер 12,1 пайызға төмендеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банкі төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның дерегінше, депозит көлемі қыркүйектің соңында 18,1 трлн теңге болып, жыл басынан бері 2,4 пайызға төмендеді. Банк секторын қалыпқа келтіру шараларымен байланысты олардың көлемі 1-тоқсанда төмендеген соң сәуірден бастап депозиттер 5,2 пайызға өсті немесе 901 млрд теңге болды. Шетел валютасындағы салымдарды теңгемен салымдарға ауыстыру жалғасуда. 9 айда ұлттық валютамен салымдар 6,7 пайызға өсті. Ал валюталық депозиттер 12,1 пайызға төмендеді. Нәтижесінде, депозиттердің долларлану деңгейі жыл басындағы 48,4 пайыздан қыркүйектің қорытындысы бойынша 43,6 пайызға дейін төмендеді.

«Депозит нарығындағы сапалы өзгерістерге өткен жылы қазанда енгізілген жеке тұлғалардың теңге салымдары бойынша ең жоғары ставка белгілеудің жаңа тәсілі ықпал етуде. Біз ставканың бірыңғай директивалық мәнін белгілемейміз. Қазіргі уақытта 6 айға дейінгі қысқа аралықта ставкалар базалық ставка деңгейіне байланыстырылды. Депозиттік ставкалар барынша ұзақ аралықта банктердің нарықтық ставкаларына қарай қалыптасады», - деді ҰБ төрағасы.

Мәселен, мерзімсіз салымдар бойынша ставкалар 10 пайыздан, мерзімді салымдар бойынша 12 пайыздан аспайды. Ал жинақ салымдары бойынша 14,6 пайызға жетті.

«Мұндай тәсіл нарықтың қалыпты болуын қамтамасыз етеді және клиент үшін бәсекені арттырады. Жинақ депозиттерінің тартымдылығын көтереді», - дейді Е.Досаев.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT