Қазақстанда валюта операцияларын жүзеге асыру қағидалары бекітілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2019 жылғы 30 наурыздағы № 40 қаулысы қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қағидалар «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2018 жылғы 2 шілдедегі ҚР Заңына және өзге де заңнамалық актілерге сәйкес әзірленіп резиденттердің және бейрезиденттердің Қазақстандағы валюталық операцияларды жүзеге асыру тәртібін айқындайды», делінген хабарламада.

Қағидалар Әділет министрлігінде 2019 жылғы 15 сәуірде № 18512 болып тіркелген. Қағидалар 2019 жылғы 1 шілдеде қолданысқа енгізіледі.

Қағидалардың толық мәтінімен Қазақстан Ұлттық банкінің сайтында танысуға болады.

Соңғы жаңалықтар