Қазақстанда вакцинадан бас тартқандар үлесі 0,12 пайызды ғана құрады - сарапшы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2019 жылы екпеден бас тартудың 6003 оқиғасы тіркелді, бұл көрсеткіш бір пайыздан кем. Бұл туралы елордадағы №4 емхананың педиатрия бөлімінің меңгерушісі Виктория Виниченко мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Соңғы жылдары барша әлемдегі сияқты Қазақстанда да екпелерге қатысты әртүрлі пікірлер айтылуда. Атап айтқанда, вакциналау арқасында кейбір ауру түрлері толықтай жойылды десек те болады», - деді В. Виниченко Қазақстандағы міндетті екпе мәселесін талқылауға арналған онлайн конференцияда.

Оның пайымынша, вакцинаға қатысты қате немесе орынсыз пікірлер тарап жүр.

«Қазақстанда екпеден бас тартатындар саны өте көп деген жалған мәлімет. 2019 жылы вакцинадан бас тартудың 6 003 фактісі тіркелді, бұл өз кезегінде 1 пайыздан кем, яғни 0,12 пайыз шамасында», - деп нақтылады дәрігер.

Оның айтуынша, аталған мерзімде 4 841 334 балаға екпе жасалды, соның ішінде иммунизациядан кейін қолайсыз көріністер 143 балада (0,003 пайыз) байқалды.

«Фактіге сүйенсек, 2019 жылы Қазақстанда жарақаттан көз жұмған балалар саны 1 200 болса, ал вакцинадан – 0», - деді Виктория Виниченко.


Соңғы жаңалықтар