+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Қазақстанда вакцина алған қанша адам қайтыс болды

2021 жылғы 27 қыркүйек 16:44
Бөлісіңіз:
Қазақстанда вакцина алған қанша адам қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде коронавирусқа қарсы вакцина алғаннан кейін көз жұмғандардың саны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирус: АҚШ-та вакцинациядан өтпеген әскери қызметшілер жұмыстан шығарылады Италияда ковид-сертификаты жоқ тұрғындар жұмысқа жіберілмейді ШҚО халқының 80 пайызы коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

«Биыл 1 ақпаннан бастап тамыз айының соңына дейін вакцина алған соң қайтыс болғандардың саны - 482. Бұл - КВИ-ден қайтыс болғандардың жалпы санының 5 пайызы. Осы орайда жалпы аталған індеттен қайтыс болғандардың дені - вакцина алмаған жандар екенін еске салғым келеді. Вакцина алғаннан кейін мерт болған 482 адамның 23-і Corona Vac салдырған, 371-і «Спутник V» вакцинасын қабылдаған, тағы 75 адам Vero Cell еккен және 13 адам отандық QazVac-ты алған», - деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін ведомство басшысы елдегі эпиджағдайдың жақсарғанын жеткізген еді.

«Қазақстандықтар коронавирус дәуірінде өмір сүріп жатқанын түсіну керек. Қазіргі уақытта 6 миллионнан астам қазақстандық толық вакцина алды. Бүгінде халықтың белгілі бір бөлігінде иммундық қабілет жақсарып, сәйкесінше, эпиджағдай жақсарып келеді», - деп еді министр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT