Қазақстанда үздіксіз білім беру тұжырымдамасы әзірленеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Үкіметке үздіксіз білім беру тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырамын. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Азаматтардың сауаттылық деңгейі мен олардың цифрлық білімін арттыру мақсатында Үкіметке үздіксіз білім беру тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырамын. Бұл құжатта бейресми білімнің баламалы нұсқаларын белсенді енгізуді, өзіндік оқудың нәтижесін мойындауды, кәсіби дағдыларды серфикаттауды қарастыру керек», - деді Мемлекет басшысы.


Соңғы жаңалықтар