+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Қазақстанда үздік мемлекеттік қызметші байқауы қашықтан өткізіледі

2020 жылғы 5 маусым 19:50
Бөлісіңіз:
Қазақстанда үздік мемлекеттік қызметші байқауы қашықтан өткізіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алдағы мемлекеттік қызметшілер күніне орай «Қазақстан республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық конкурсы қашықтан өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне сілтеме жасап.

Аталған конкурс мемлекеттік аппарат қызметкерлерінің бәсекеге қабілеттілігін, әлеуетін дамыту, үздік кәсіби білімі мен дағдыларды таратуды көздейді.

​Мемлекеттік қызмет істеір агенттігінің ресми өкілі Ерхан Таткеннің айтуынша, осы жылы короновирус пандемиясына байланысты байқау қашықтан өткізіледі және екі негізгі кезеңнен тұрады.

Бірінші кезең – өңірлік (облыстық) деңгейде өткізілетін конкурс. Бірінші кезеңнің жеңімпаздары конкурстың екінші кезеңіне қатысуға ұсынылады.

Екінші кезең – республикалық байқау комиссиясы өткізетін республикалық деңгейдегі конкурс. Екінші кезеңнің қорытындысы бойынша конкурс жеңімпаздары анықталатын болады.

«Талаптарға сәйкес, конкурсқа мемлекеттік қызметтегі өтілі бір жылдан кем емес, әкімшілік және тәртіптік жаза берілмеген мемлекеттік қызметші қатысады.

Әрбір қатысушы конкурстың бастапқы кезеңінде «Неге мен үздік мемлекеттік қызметші атағына лайықпын» тақырыбында өзінің мотивациялық эссесін тапсырған болатын.

Мотивациялық эсседе үміткердің кәсіби қызметтегі негізгі жеке жетістігі, қызмет саласындағы проблеманы шешуге, мемлекеттік органның жүктелген міндеттер мен функцияларын іске асыру процесіне қосқан жеке үлесі баяндалады», - деп атап өтті Ерхан Таткен. .

Еске сала кетейік, конкурсқа құжаттарды қабылдау 2020 жылғы 29 мамырда аяқталған болатын. ​Конкурсқа қатысу үшін 761 өтініш түскен. Оның 565 – жергілікті атқарушы органның, 196-сы орталық мемлекеттік орган және оның аумақтық департаментінің қызметкерлері.

Мемлекеттік қызметшілер арасындағы бұл конкурс 2017 жылдан бастап өткізіліп келеді. Осыдан үш жыл бұрын конкурсқа 300-ден астам мемлекеттік қызметші қатысса, биылғы жылы олардың саны 2 есеге артқан.

Жалпы конкурс барысында қатысушылар тиісті рәсімдерден өтуі қарастырылған.

Бүгінде қатысушылар өздеріне берілген кейстік тапсырманы шешуді жүзеге асырып, жауабы бейнеформатта жолданды.

Ал, 8-12 маусым аралығында конкурстың финалистері «Мемлекеттік қызметті жетілдіру: пандемия нәтижесі бойынша мемлекеттік қызметшінің қорытындылары» тақырыбына бейне презентация жолдайды. Бейне жазба ұзақтығы 5 минуттан аспауы қажет.

Республикалық комиссияның отырысы қашық форматында 15-19 маусым аралығында өткізіледі. Жеңімпаздар «Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» төс белгісімен, дипломмен және естелік сыйлықпен марапатталады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT