Қазақстанда үздік 17 жобаға қаржы бөлінді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанда ҚР Тұңғыш Президенті қоры үздік 17 әлеуметтік жобаны жүзеге асыруға грант бөлді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Zamannyn' ziatker jastary- vision of the future» байқауының қорытындысы жақында жарияланған болатын. Байқауда 160 жоба бақ сынады. Байқауға орай ұйымдастырылған жәрмеңкеде 50 әлеуметтік жоба «STEP - 7», «Аман келешек рядом!» және «Тұлпар - Болашақ» аталымдары бойынша сынға түсті.

«50 жобаның әрқайсысы қазақстандықтардың өмір сапасын жақсарту үшін жаңа технологияларды пайдалану, интернет-қосымшалар, әлеуметтік инновациялық ұсыныстарға толы. Бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа жолдауларында бірнеше рет айтылған міндеттің үдесінен шығады», - деді қор өкілі Сергей Тоқтаров.

Байқау қорытындысы бойынша 17 үздік жоба іріктеп алынды. Жоба авторлары 500 мың теңгеден бастап 2,5 млн теңгеге дейін грант алады. Енді Қазақстанда Жастар орталығы мен «You can BE» би залдары, қазақ тілін үйренетіндерге «Мәміле» талқылау клубы, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Халық бақылауы» қоғамдық қабылдауы, «Мен бақытты отбасындамын» психологиялық тренинг орталықтары, «Сыбайлас жемқорлықты жою» студенттерге арналған тренингтер, тарихи мәдени көрнекті орындарды аралауға арналған жастар туры ашылады.

Сонымен қатар, Нұр Сұлтан қаласынан «Өнерім - рухани қазынам» керуені Қазақстан өңірлеріне жолға шығады.

Соңғы жаңалықтар