Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 376.60 EUR 429.06
RUB 5.66 CNY 55.64
Jańalyqtar

Қазақстанда ұялы телефондарды тіркеу тәртібі бекітілді

2018 жылғы 14 маусым 19:29 328
Бөлісіңіз:
Қазақстанда ұялы телефондарды тіркеу тәртібі бекітілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағында ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу тәртібі бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу 2004 жылдың 5 шілдедегі  ҚР-ның Заңының 8-бабы, 1-тармағының 8-8 тармақшасына («Байланыс туралы») сәйкес пайда болды. Ережелерге сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген немесе жасалған абоненттік құралдар міндетті түрде тіркеуден өтулері керек. Жеке тұлғалар үшін тіркеу тегін түрде 4 сағаттың ішінде жүргізіледі, ал заңды тұлғаларды өтініш білдірген мерзімнен 8 сағат ішінде тіркейді.

«Он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелет жасқа толмағандардың абоненттік құралдарын заңды өкілдерінің келісімімен ғана тіркейді, ал он төрт жасқа толмаған жасөсіпірімдердің заңды өкілдері өз аттарынан ғана тіркей алады», -  делінген хабарламада.

Тіркеу немесе қайта тіркеу үшін байланыс құралының иесі қызметтің автоматтық жүйесіне жүгіне алады немесе байланыс операторының кеңсесіне төмендегідей құжаттармен бара алады:

1)  ЖСН (жеке тұлға үшін) немесе БСН (заңды тұлға үшін);

2)  Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының сәйкестендіру коды;

3)  Тіркелуші абоненттік құрылғыда қолданылатын абоненттік нөмірлер.

Ұялы телефон қолданушылары 2018 жылдың соңына дейін құрылғыларын тіркеуі керек, себебі 2019 жылдың 1 қаңтарынан тіркелмеген абоненттер үшін ұялы байланыс қызметі көрсетілмейтін болады.

Ұялы телефондарды тіркеу үшін ұялы байланыс операторларының абоненттік бөлімдеріне барудың еш қажеті жоқ. Бар болғаны, онлайн режімде немесе SMS (ұялы байланыс операторларының интернет-ресурсы және SMS,USSD, т.б.) арқылы тіркелуге болады. 


Қазақстанда ұялы телефондарды тіркеу тәртібі бекітілді 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
MURAǴAT