+7 (701) 759 90 19
USD 387.14 EUR 428.18
RUB 6.06 CNY 55.23
Jańalyqtar

Қазақстанда ұялы телефон ұрлау тиімсіз болады

2018 жылғы 15 ақпан 11:16
Бөлісіңіз:
Қазақстанда ұялы телефон ұрлау тиімсіз болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «Казахстанская правда» газетіне берген сұхбатында Қазақстанда ұялы телефон ұрлауды тиімсіз ететін шаралар туралы айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

«Тәжірибе көрсетіп отырғандай, ұялы телефонды IMEI-код арқылы табу мүмкін болмай отыр. Бұдан бөлек, нарықта IMEI-коды бірдей ұялы телефондар да кездеседі. Бұл мәселені құрылғының IMEI-кодын иесінің ЖСН-ы мен абонент нөміріне байланыстыру арқылы ғана шешуге болады. Телефон осылай тіркелген кезде, ұялы телефонды ұрлау мүлдем тиімсіз болады», - деді Дәурен Абаев басылымның тілшісіне.

Сондай-ақ, ол бұл шаралардың 2019 жылдың қаңтарынан бастап іске қосылатынын айтты.

«Нақты айтар болсақ, 2019 жылдың қаңтарынан бұл қызмет тіркелмеген телефондарға көрсетілмейді. Аталған мерзім көпшілікке жеткіліксіз болуы мүмкін, оған қоса азаматтардың ұялы байланыс операторы бөлімшелеріне барғысы келмейтін жағдайлар да болады. Осындай жәйттердің барлығы бірігіп, әлеуметтік шиеленіс тудыруы мүмкін. Осы себепті біз қазір тіркеу процедурасын оңтайландырумен айналысып жатырмыз. Осы кезде баламалы тәсілдер мен ЭЦҚ, SMS және USSD-командалар арқылы онлайн тіркеу шаралары қарастырылуда», - деді ол.

Сұхбаттың толық мәтінін мына сілтеме арқылы көруге болады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT