+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.70 EUR 427.15
RUB 6.06 CNY 54.57
Jańalyqtar

Қазақстанда ұялы телефон нөмірімен мезеттік төлем жүйесі іске қосылды

2019 жылғы 7 ақпан 13:21
Бөлісіңіз:
Қазақстанда ұялы телефон нөмірімен мезеттік төлем жүйесі іске қосылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанда «Suńqar» мезеттік төлемдер жүйесі жұмыс істей бастайды. Бұл жүйе былтырғы қыркүйектен бері пилоттық режимде тестілеуден өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, «Suńqar» жүйесіне түрлі банктер қатысады. Бұл банк клиенттері Қазақстан бойынша өзара мезеттік төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізуге мүмкіндік алды.

Бұл ретте жеке тұлғалар арасында ақша аудару үшін қарапайым да қолайлы сәйкестендіруші - мобильді телефон нөмірі пайдаланылады. Оны төлем карточкасына немесе ағымдағы банктік шотқа, болмаса электрондық әмиянға байланыстыру қажет.

«Suńqar» жүйесіндегі қызметтерді Қазақстан банктері өздерінің мобильді қосымшалары немесе Интернет-банкинг жүйесі арқылы жүзеге асырады. Қазіргі уақытта мезеттік төлемдер жүйесі арқылы «Банк ЦентрКредит» АҚ, «Altyn Bank» АҚ (China CITIC Bank Corporation Limited ЕБ) және «Еуразиялық Банк» АҚ қызмет көрсетеді. 2019 жылы 10-нан аса банк жүйеге қосылуды жоспарлап отыр. Мезеттік төлемдер мен аударымдар бойынша клиенттерге арналған тариф саясатын банктер дербес айқындайды.

«Бірінші кезеңде «Suńqar» жүйесінде жеке тұлғалар арасында ақша аударуға (P2P-аударымдар), оның ішінде түрлі қатысушы банктердегі өз шоттары (салымдар, брокердегі инвест-шотты толықтыру және басқалар) бойынша жүргізуге болады. Жүйеде көрсетілетін қызметтердің дамуына қарай заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер қызмет көрсететін банктері арқылы да арнайы жабдықты орнатпай-ақ тауарлар және көрсетілген қызметтер үшін өз пайдаларына мезеттік төлемдерді қабылдап, жеке тұлғалармен есеп жүргізе алады. Атап айтқанда, «Suńqar» жүйесі арқылы QR-кодтарды сканерлеу арқылы ұялы телефонмен бөлшек саудада есеп айырысуға болады. Қазақстанда мезеттік төлемдер жүргізу жүйесін енгізу халыққа және бизнес субъектілеріне төлемдерді қолжетімді ақы төлеу құралы мен қашықтан қол жеткізу арналары арқылы кез келген жерде, кез келген уақытта төлемдер жүргізудің әмбебап алаңын жасауға бағытталған», - делінген баспасөз хабарламасында.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT