Қазақстанда ұшу-қону жолағының жағдайы туралы деректер ұсынудың жаһандық форматы енгізілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазақстан авиация әкімшілігі» АҚ Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшу-қону жолағы бетінің жағдайы туралы деректерді ұсынудың жаһандық форматын - Global Reporting Format қолдану бойынша ИКАО стандарттарын енгізу жөніндегі жұмысты сәтті аяқтады.

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, 2021 жылғы 4 қарашадан бастап Қазақстан Республикасының сертификатталған әуе айлақтарын пайдаланушылар ИКАО-ның жаңа әдіснамасы бойынша ҰҚЖ бетінің жағдайы туралы хабарламаны беруге және бағалауды орындауға кірісті.

GRF енгізілуімен Қазақстан Республикасында алғаш рет ұшу экипаждарына «SNOWTAM» қар хабарламаларын жариялау басталды. Алғашқы болып SNOWTAM-ды Қостанай, Павлодар, Алматы әуежайлары жариялады.

ИКАО-ның ұшу қауіпсіздігі саласындағы жаһандық мақсаттарының бірі ұшу-қону жолағындағы операциялардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Атап айтқанда, әуе кемелерінің ұшып-қону жолағынан тыс шығуына байланысты авиациялық оқиғалардың үлесі шамамен 15%-ды құрайтындықтан, әуе кемелерінің шығып кету санын қысқарту, бұл ретте осы оқиғалар санатына барлық авиациялық апаттардың 50%-ы келеді. Ұшу-қону жолағынан тыс шығып кету жағдайларының 80%-ы қысқы уақытта атмосфералық жауын-шашынның болуы салдарынан ұшу-қону жолағында ілінісудің төмендеуіне байланысты.

GRF әдістемесі ұшу-қону жолағы бетінің жағдайына бағалау жүргізуге және хабарламаны дайындауға бүкіл әлемде біркелкі тәсілді қамтамасыз ете отырып, онда атмосфералық жауын-шашын болған кезде әуе кемелерінің ұшу-қону жолағынан тыс шығып кету жағдайларының алдын алу арқылы ұшу қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

ҰҚЖ-ның жай-күйі туралы хабарламаны әуе кемелерін өндіруші ұсынған ұшақтың ұшу-техникалық сипаттамалары туралы деректермен салыстыра отырып, ұшу экипажы қауіпсіз қону үшін ұшу-қону сипаттамаларын есептей алады.


Соңғы жаңалықтар