Қазақстанда ұшақпен сапарлайтындар саны артты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  2018 жылдың 10 айында жергілікті әуежайлар 12,7 млн адамға қызмет көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биыл еліміздегі әуе тасымалы саласындағы өсім қарқыны сақталып келеді. 2018 жылдың 10 айында жергілікті әуежайлар 12,7 млн адамға қызмет көрсеткен. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6 пайызға (12 млн) артық», - делінген ҚР ИДМ мәліметінде.

Белгілі болғандай, есепті кезеңде Қазақстан Республикасының әуе компаниялары 6,8 млн жолаушыны тасымалдады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда әуе көлігімен жолаушылар тасымалының өсімі 10 пайызды құрады.

Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) баяндамасында Қазақстан Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы ең серпінді дамып келе жатқан нарықтардың бірі болып танылып отыр. IATA болжамына сәйкес, алдағы 20 жылда біздің еліміздегі әуе көлігімен сапарлаушылар саны 8 миллионнан 18 миллионға дейін артады.

Соңғы жаңалықтар