Қазақстанда үш жылда өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны 3 пайызға төмендеген

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда үш жылда өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны 3 пайызға төмендеген. Бұл туралы бүгін Мәжілісте ҚР Үкіметінің 2013 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін талқылау барысында мәлім болды.

«Бірінші тоқсандағы жағдайға келсек, өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз ететін азаматтардың саны 2011 жылы 2 млн 720 мың болса, қазір олардың саны 2 млн 565 мыңға төмендеді, яғни өзін өзі жұмыспен қамтушылар саны 155 мың адамға кеміді. Ал үлес салмағы бойынша келсек, олардың жалпы жұмыспен қамтылғандар арасындағы үлесі 32,8 пайыз болса, ағымдағы жылғы бірінші тоқсанда бұл көрсеткіш 29,9 пайызды құрап 3 пайызға жуық төмендеген», - дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.

Министрдің сөзіне қарағанда, еліміздегі жұмыссыздық деңгейі ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында 5,1 пайызды құрады. Оның айтуынша, еліміздегі Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Астана және Алматы қалаларында ғана жұмыссыздық деңгейі жалпы республикалық деңгейден сәл ғана жоғары. «Дегенмен, төрт өңірде де көрсеткіш 2011 жылмен салыстырғанда едәуір жақсарған», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар