Қазақстанда үш қала әкімдіктерінің құзыреті кеңейеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкент қаласы әкімдіктерінің құзыреті кеңейтіледі. Бұл туралы ҚазАқпарат Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

2019 жылғы 27 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы, мемлекеттік басқару жүйесін және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру, кредиттеу және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

Заң шеңберінде Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкент қалалары әкімдіктерінің, оның ішінде басқарылатын урбанизация шеңберінде қала құрылысы саясаты, көлік инфрақұрылымы, сәулет келбеті саласындағы құзыретін кеңейту бойынша түзетулер енгізілді.

«6 заңға (Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы», «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» заңдар) өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Бұлар республикалық маңызы бар қалалар мен астананы дамытудың өзекті мәселелерін шешуге мүмкіндік беретін айтылған қалалардың тіршілігін қамтамасыз ету мен дамытудағы жекелеген мәселелерді реттеу бойынша өзгедей тәртіпті орнатуға бағытталған» , - делінген министрлік таратқан хабарламада.


Соңғы жаңалықтар