Қазақстанда үш бағыттағы әлеуметтік жобаларға байқау жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ «ASAR» үшжақты ынтымақтастық ІІІ Республикалық форумы шеңберіндегі әлеуметтік жобалар сайысын жариялайды.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, байқауға жергілікті қауымдастықты дамытуға, жергілікті мәселелерді шешуге тұрғындардың әлеуетін тартуға және осы аймақтардағы өмір деңгейін көтеруге бағытталған жобалар қатыстырылады.

Платформа үш бағыт бойынша жүзеге асырылады. Олар: ЕСО-ASAR (қоршаған ортаны қорғау бойынша мәселелерді шешуге, халықты экологиялық мәдениетке баулуға және өсіп келе жатқан буынның экологиялық мәселелер жайында білім деңгейін көтеруге бағытталған жобалар), IT-ASAR (сандық жүйеге көшіру арқылы жергілікті қауымдастың мәселелерін шешуге бағытталған жобалар), INCLUSIVE-ASAR (инклюзивті қоғамды дамытуға бағытталған жобалар).

«Платформаға қатысу үшін 24 мамырға (Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 18.00-ге дейін) дейін [email protected] электрондық поштасына өтінім жіберу қажет.

Өтінім көрсетілген нысанға сәйкес толтырылады және өтінімге міндетті түрде слайд (10 бетке дейін), бейнеролик (ұзақтығы 3 минутқа дейін), инфографика (5 данаға дейін) түріндегі презентациялық материал тіркелуі тиіс», делінген хабарламада.

Барлық өтінім жиналғаннан кейін Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының онлайн алаңында ашық жарияланымда болады және кәсіпкерлерге таратылады.

Барлық сұрақтарға қатысты мағлұмат Азаматтық бастамалар орталығының телефоны арқылы беріледі: 8 (7172) 22 11 32 [email protected].

Платформаға қатысу бойынша толығырақ ақпарат Әлеуметтік жобалар платформасының ережесінде көрсетілген.

Соңғы жаңалықтар