Қазақстанда Урал мотоциклі шығарылады
2022 жылғы 28 сәуір 19:40

Қазақстанда Урал мотоциклі шығарылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда Урал мотоцклін құрастыру қолға алынады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриалдық даму комитеті төрағасының орынбасары Олжас Сапарбеков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ол ресейлік өндірушінің Қазақстанда өндіріс ошағын ашуға шешім қабылдағанын жария етті.

Бірақ, ресейлік инвестор Ресей Федерациясындағы жұмысын да жалғастыра береді. Қазақстанда шығарылған мотоциклдер экспортқа да шығады.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Ural мотоциклдері өндірісінің Петропавлға көшірілетіні туралы ақпарат тарап, кейіннен Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі аталған компания өкілдерінің Петропавл қаласына келіп, мемлекеттік органдарға жүгінбегенін жария еткен болатын.

«Мемлекеттік органдармен кездесулер өткізілген жоқ. Мемлекеттік қолдау шаралары әлі қолданылған жоқ. Ақпарат жақында жаңартылады. Жалпы, Солтүстік Қазақстан облысы жаңа өндірістер ашуға инвесторлардың ұсыныстарын қарауға әрқашан дайын. Соның ішінде «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағының аумағында», - деп түсіндірген еді облыс әкімінің баспасөз қызметі.


Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT