Қазақстанда ұлттық валютадағы депозиттер арта бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда депозиттік салымдардың көлемі 18,8 трлн теңгені құрайды. Бұл туралы бүгінгі Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Салымдардың көлемі қазан айының соңында 18,8 трлн теңгеге жетіп, жыл басынан бері 1,2 пайызға ұлғайды. Шетел валютасындағы салымдарды теңгелік депозиттерге ауыстыру жалғасып келеді. 10 айда ұлттық валютадағы салымдар 8,5 пайызға артты. Валюталық депозиттер 6,5 пайызға төмендеді. Нәтижесінде, депозиттердің долларлану деңгейі жыл басындағы 48,4 пайыздан қазанның қорытындысы бойынша 44,7 пайызға дейін төмендеді», - деді Ерболат Досаев.

Ұлттық банк төрағасының айтуынша, жыл басынан бері жалпы кредиттік портфель қазанның соңында 3,1 пайызға, яғни 13,5 трлн теңгеге дейін өскен.

«Ұзақ мерзімді кредиттер портфелі 10 айда 3,9 пайызға - 11,5 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Жаңа кредиттер беру көлемі он айда 2018 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 13,2 пайызға ұлғайды», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар