Қазақстанда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құруды көздеп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Мен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру жөн деп шештім. Оның құрамына барлық бірлестік өкілдері мен жастар енеді. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысы осы жылдың тамыз айында өтеді. Билік халыққа берген барлық уәдесін орындауы тиіс», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы ұлықтау рәсімінде.
Мемлекет басшысы биліктің осы реттегі басты миссиясын атады.
«Тек осылай ғана ұлттың бірлігін, елдегі тұрақтылықты сақтап қалуға болады. Сол себепті, менің сайлауалды платформам жоспарлы түрде жүзеге асыралады. Осы құжатқа халықтан түскен үздік идеялар мен ұсыныстар енгізіледі», - деді ол.
Айта кетсек, елордада жаңадан сайланған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі өтті. Шараға Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, Конституциялық Кеңес мүшелерi, Жоғарғы Сот судьялары, Қазақстанда тіркелген дипломатиялық корпус өкілдері және басқа да шақырылған қонақтар қатысуда.
Тәуелсіздік сарайында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ант берді . Ант берген сәттен бастап жаңадан сайланған Президент ресми қызметiне кiрiскен болып саналады.
- Мейрамбек Бесбаев коронавируспен жансақтау бөліміне түсті
- Хоккей: «Барыстың» бүгінгі ойынын қайдан көруге болады
- Коронавирустан жазылған науқастар вакцинаны қашан салдыра алады
- Тағы 431 қазақстандық шетелден коронавирусқа ПТР-анықтамасыз ұшып келді
-
Коронавирус: Бейжіңде 100 мың такси жүргізушісі вакцина салдыруға жазылды
-
Қазақстанда төменгі сынып оқушыларының 56% үйірмеге бармайды – зерттеу
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам