Қазақстанда ұлттық фильмдердің үлесі 13%-ға артты

None
None
  АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ҚР Парламенті Мəжілісі депутаттарының жұмыс тобы  Т.Жүргенов атындағы өнер Академиясында "Кинематография туралы", "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне кинематография мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына байланысты кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиын барысында Қазақстан кино нарығының нарығының көлемі туралы статистика айтылды.

"Қазақстанда өткен жылы 355 кинозалда 200 шетелдік, 26 ұлттық фильм көрсетілген. Соның ішінде касса жинағы бойынша түсімнің 80%-ын голливуд кинолары алса, 13%-ын ұлттық фильмдер алған. 7%-ы ресейлік фильмдердің үлесінде. Жалпы Қазақстандағы кино нарығының көлемі 44,5 млн доллар",- деді ресейлік сарапшы Олег Головашкин.

Оның айтуынша, былтыр ұлттық киноның алатын үлесі небәрі 6% болған.

Қазақ киноларының ішінде  Нұрлан Қоянбаев түсірген «Бизнес по-казахски в Америке» киносы Қазақстанда касса жинағы бойынша 1 млн 750 мың АҚШ долларымен 3-орынға тұрақтады.

Жиын барысында кино саласының мамандары, белгілі режиссерлер, актерлер, продюсерлер өз пікірлерін жеткізді.

"Заң жобасы жоқ кезде де жақсы кино түсіргенбіз. Бірақ енді фильмдеріміз одан да жақсы болады деп сенемін",- деді Асанəлі Əшімов.
null 

Өз кезегінде драматург Дулат Исабеков ұлттық қорды шетелдік киноларға билетке қосымша құн қосу арқылы көтеруге қарсылығын білдірді.

"Түнгі сағат 22.00-06.00 аралығында   қазақ кинолары баратын түрі бар. Сосын ұлттық кино деген анықтаманы кім береді? Шетелден келген киноларға қосымша салық тағы менің қалтама түсейін деп тұр. Көрермен ақша төлейді. Қорды сақтап қалу үшін", - деді Дулат Исабеков.

Белгілі жазушы, драматург Смағұл Елубай қазіргі таңда қазақ киносының дубляжы түсіп кеткенін айтты.

"Бұрын қазақ тілі ешкімге керек емес кеңес одағы кезінде жылына 60 кино дубляждалатын. Қазір керісінше тəуелсіздік алған кезде қазақ тіліндегі кинолар көп түсірілуі тиіс, көп дубляждалуы тиіс емес пе? Ал кинотеатрлар қазір тиын санап отыр. Оларға тиын түсетін голливуд кинолары керек. Сондықтан бұл жерде осы мəселені де реттейтін тетік керек",- деді Смағұл Елубай.

Ал режиссер Сатыбалды Нарымбетов бүгінгі қазақ киносының аудиториясын үш санатқа бөлді.
null 

"Қазір бірінші кезекте түсірілген кино қаржысын қайтару керек деген қағида тұрады. Бұл жерде идеология мен коммерцияны шатастырмау керек. Идеология ұлт ретіндегі бірегейлігімізді сақтап қалатын маңызды бағыт. Идеологияның барлығы коммерциялық болмауы керек. Қазіргі аудитория үш түрлі кино көреді. Жұмыстан шаршап келгендер Келінка Сабинаны көріп, стрессін алады. Ал жастар артқы орындыққа отырып алып боевик көргенді ұнатады. Қалғандары ғана ұлттық киноны көреді"-, деді Сатыбалды Нарымбетов.

"Елбасы тапсырмасы бойынша қазақ кинематографиясы туралы заң жобасы өткен жылы қарашада Мəжіліске берілген болатын. 26 желтоқсанда  өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы за жобасының тұсауы кесілді.  Заман талабына сай ұлттық фильмдердің сапасын арттыру мәселесі күн тәртібіне қойылды. Біздің кинематография саласын әлем мойындауы үшін дербес заң қабылдау қажет. Қолданыстағы «Мəдениет туралы заңда кино саласына тек 6 бап қана көзделген. Жаңа заң жобасы бойынша Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік қорын құру, қазақ киносын түсіретіндерге салықтық жеңілдіктер қарастыру, прокатта айналатын фильмдердің саны мен есебін жүргізетін бірыңғай жүйе құру ұсынылады",- деді Мəжіліс депутаты Бейбіт Мамыраев.
null 

 Айта кету керек, сарапшылардың талқылауы ертең де жалғасын табады.

Соңғы жаңалықтар