Қазақстанда учаскелік полиция штаты ұлғайтылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ішкі істер министрлігі Ерлан Тұрғымбаев ведомствоның алдағы кезеңге арналған міндеттерін айқындады. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның атап өтуінше, министр айқындаған міндеттердің бірі жаяу патрульдердің, соның ішінде заманауи технологияларды пайдалана отырып, полицейлердің қызмет атқаруына тиімді бақылауды ұйымдастыру болды. Сонымен қатар құқық бұзушылықтардың алдын алуды күшейту және халық үшін учаскелік полиция инспекторларының қолжетімділігін қамтамасыз ету басым бағыт екендігі айтылған.

Осы орайда Ішкі істер министрлігі алдағы уақытта ішкі резерв есебінен учаскелік полиция штаты ұлғайтылатындығын айтқан.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес учаскелік инспектордың мәртебесін арттыру және оның тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті өкілеттіктерін кеңейту бойынша шаралар қабылдануда. Ауылдық жерлерде қызметтік тұрғын үймен жапсарлас учаскелік пункттер салынуда. Өз резервтері есебінен учаскелік полиция қызметінің штаты қосымша ұлғайтылатын болады», - деп атап өткен Ерлан Тұрғымбаев.


Соңғы жаңалықтар