Қазақстанда ҰБТ-ны қайта тапсыратындардан өтініш қабылдануда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылғы қайта Ұлттық бірыңғай тестілеу мен кешенді тестілеуге өтініштер қабылдануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы №204 бұйрығымен бекітілген «Ұлттық бірыңғай тестілеуді және кешенді тестілеуді өткізу қағидаларына» сәйкес шекті балды алмаған, нәтижелері жойылған түлектер және Ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі - ҰБТ) және кешенді тестілеуге (бұдан әрі - КТ) қатыспаған адамдарға ЖОО-ға ақылы негізде түсу үшін 2018 жылдың 15-19 тамыз аралығында қайта ҰБТ және КТ өткізіледі.

Ұлттық тестілеу орталығы хабарлағандай, өтініш қабылдау 25 шілде мен 3 тамыз аралығында ЖОО-лардың қабылдау комиссияларында жүргізіледі.

Қайта ҰБТ және КТ түсушілердің қалауы бойынша қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (оқу тілі) және екі бейіндік пән бойынша өткізіледі. Қайта ҰБТ және КТ ағылшын тілінде тапсырушылар «Қазақстан тарихы» пәнін өз қалауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде тапсырады.

«Қайта ҰБТ және КТ тапсыратын талапкерлер білім беру грантына үміткер бола алмайды және бұған дейін тапсырған естихан нәтижесі есепке алынбайды. Оларға шектік деңгейді жинай алмағаны үшін, ақылы негізде оқуға түсуге қайта тапсыру мүмкіндігі беріліп отыр. Қайта ҰБТ, КТ тапсыру ақылы түрде жүзеге асыралады. Тестілеуге қатысу үшін төлем 2 242 теңге. Оны Қазпошта немесе Халық банкінің бөлімшелері арқылы төлеуге болады», - деді ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директорының орынбасары Қуанышбек Мәліков.

Сонымен қатар жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсу үшін колледж бітірушілері қайта ҰБТ және КТ өз қалауымен қазақ немесе орыс тілінде жалпы бейіндік және бейіндік пәндер бойынша тапсырады.

Тестілеуге қатысуға өтініш беру үшін жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясына өтініш, Жалпы орта, техникалық және кәсіптік (бастауыш және орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) немесе жоғары білім туралы құжат, төлемнің түбіртегі, 2 фотосурет, медициналық анықтама, жеке куәліктің көшірмесін тапсырады.

Айта кетейік, білім беру грантын беруге арналған конкурс 27 шілде мен 5 тамыз аралығында өткізіледі. Грант иегерлерінің тізімі Ұлттық тестілеу орталығының testcenter.kz сайтында жарияланады. Немесе Telegram желісінде @testcenterBot арқылы білуге болады. 

Соңғы жаңалықтар