Қазақстанда уақытша жұмыссыздар 145 мыңға азайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2020 жылдың үшінші тоқсанында жұмыспен уақытша қамтылмаған азаматтар саны 145,4 мың адамға азайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еңбек ресурстарын дамыту орталығына сілтеме жасап.
Егер 2-тоқсанда бұл санатқа жарты миллионнан астам адам кірген болса, шілде мен қыркүйек аралығында уақытша жұмыссыз 390,3 мың адам болған.
Бұл ретте 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 2 еседен астам ұлғайған – өткен жылы ол 162,7 мың адамды құрады.
«Карантин кезеңінде қосымша шектеуді ескергенде, жұмыста уақытша болмаған азаматтар санының өсуі қисынды. Сонымен бірге, осы санаттағы динамикаға шектеу шараларының біртіндеп әлсіреуі және 3-тоқсанда жұмысқа ішінара оралу оң әсер етті», - деп атап өтті «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» « АҚ Стратегия және жобалық басқару департаментінің директоры Александра Молчановская.
Сондай-ақ сарапшы биылғы жылдың 3-тоқсанында «жұмыспен уақытша қамтылмағандардың» үштен бір бөлігі мекеменің «қызметін уақытша тоқтата тұру» себепті жұмыс істемегенін хабарлады.
Бұдан басқа, толық жұмыспен қамтылмағандардың саны бір жарым есеге, ал ең аз уақыт (аптасына 10 сағаттан аз) жұмыс істейтіндердің саны 2020 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 2,7 есеге және жұмыспен қамтылған халықтың саны (8,7 млн. адам) іс жүзінде толық сақтала отырып, өткен жылдың үшінші тоқсанымен салыстырғанда екі есеге өсті.
«Біз басқа елдердегі жағдайды мұқият бақылаймыз. Қазақстанда халықты қолдау шаралары басқа елдерге қарағанда нашар емес, кейде тіпті жақсы деп те санаймыз. Мемлекеттік бағдарламалар, соның ішінде дағдарысқа қарсы бағдарлама бұрынғы көлемде болмаса да, халыққа кірісін сақтауға мүмкіндік береді», – деді Александра Молчановская.
- Алматылықтардың 39 пайызы коронавирусты қоғамдық орындарда жұқтырған
- Қостанай облысында 9700 тұрақты жұмыс орны ашылады
- Коронавирус: Бір тәулікте Теңіз кенішіндегі науқастар 81 адамға көбейді
- 2020 жылы жол апатынан қаза тапқандар саны 17 пайызға азайды
-
Өткен жылы елімізде қылмыс көлемі 30% қысқарды
-
Полиция қызметкерлері бір аптада 9 кісі өлтіру қылмысын ашты
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам