+7 (701) 759 90 19
USD 414.13 EUR 451.40
RUB 5.80 CNY 58.03
Jańalyqtar

Қазақстанда ТЖ тәртібін қамтамасыз етуге 24 қаладан 10 мың сарбаз жұмылдырылды

2020 жылғы 3 сәуір 12:32
Бөлісіңіз:
Қазақстанда ТЖ тәртібін қамтамасыз етуге 24 қаладан 10 мың сарбаз жұмылдырылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев өңірлік әскерді арнаулы жиынға шақыру жұмысы жеңіл әрі шектеулі сипатта өтетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Азаматтар тұрғылықты жері бойынша шақырылады. Әр кеш сайын үйіне қайтады. Әскери қызметке жұмысқа барғандай таңертең келеді. Аймақтарда арнаулы жиын Бас штабтың келісімімен жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша кезең-кезеңімен өткізіледі. Яғни бір уақытта болмайды. Арнаулы жиынға шақыртуды қабыл алу – күрделі кезеңде патриоттықты таныта білудің мүмкіндігі. Қарулы күштер бірінші күннен бастап әртүрлі міндеттерді орындауға атсалысып келеді. Қазірдің өзінде елдегі 24 қалада 10 мыңға тарта әскери қызметкер жұмылдырылған. Олар патрульдеу, дезинфекциялау және тағы басқа қажетті шаралардың бәрін атқарып келеді. Бүгінгі күні әлеуметтік маңызы бар 2 мыңға тарта нысан тазартылды. Радиациялық, химиялық және биологиялық қауіпсіздікке байланысты әскери қызметшілер азаматтық қорғаныс саласына бейімделіп, міндеттерін атқаруда», - деді Нұрлан Ермекбаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, қорғаныс саласы Денсаулық сақтау министрлігіне көмек көрсетіп, қазір Алматы облысында әскери-далалық аурухана орналастырылған.

«Әскери-көліктік авиация азаматтарды шетелден эвакуациялау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жалпы өңірлік әскерді арнаулы жиынға шақыру сипаты жағынан жеңіл әрі шектеулі болады. Азаматтар үшін ешқандай ыңғайсыздық туындамайды», - деді Қорғаныс министрі.

Еске сала кетсек, кеше Қазақстан Президенті әскери міндеттілерді арнаулы жиынға шақыру туралы Жарлық шығарған еді.

Атап айтқанда қазақстандықтар жекелеген өңірлерде медициналық қызмет, тасқынмен күрес және дезинфекция жұмыстарына шақырылады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT