+7 (701) 759 90 19
USD 437.20 EUR 475.32
RUB 5.79 CNY 61.94
Jańalyqtar

Қазақстанда ТЖ кезінде атаулы әлеуметтік көмек қалай тағайындалады

2020 жылғы 27 наурыз 10:21
Бөлісіңіз:
Қазақстанда  ТЖ кезінде атаулы әлеуметтік көмек қалай тағайындалады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Төтенше жағдай кезінде қазақстандықтар атаулы әлеуметтік көмекті мемлекеттік мекемелерге жүгінбей ала алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биылғы сәуір айынан бастап қазақстандықтар төтенше жағдай кезінде мемлекеттік органдармен байланыссыз атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) ала бастайды. Әлеуметтік көмекті қайта тағайындау үшін мемлекеттік органдардың ақпараттық базалары арқылы деректерді тексеру жүргізіледі. Атап айтқанда, тұрғылықты жері бойынша тіркеу, жылжымайтын мүліктің бар-жоғы, кірістер қамтылады. Егер отбасы құрамы өзгермеген жағдайда, тағайындауға өтініш қолда бар деректер негізінде қалыптастырылатын болады. Бұл үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері 1-тоқсанда АӘК алған азаматтар үшін өз бетінше өтініш жасайды және АӘК тағайындау өлшемдеріне сәйкестігін тексереді», - делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарламасында.

Бұл тұрғыда барлық ақпарат, сондай-ақ хабарламалар электрондық пошта немесе мессенджерлер арқылы жіберілетін болады.

1-тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек алмаған азаматтарға АӘК тағайындау үшін egov.kz порталы арқылы өтініш жіберу қажет. Әрі қарай жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері құжаттарды мемлекеттік органдардың мәліметтер базасында тексеріп, нәтижесін электрондық пошта немесе мессенджерлер арқылы хабарлайды.

Бұл ретте учаскелік комиссиялар көшпелі тексерулер жүргізбейді. Барлық қажетті құжаттарды азаматтардан электрондық пошта арқылы немесе мессенджерлер арқылы сұрататын болады.

Естеріңізге сала кетейік, биылдың басынан бері АӘК алушылар 102,4 мың отбасы немесе 527,6 мың адам болды. АӘК алушылардың 41,5 пайызын көпбалалы отбасылар құрады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT