+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Қазақстанда туу туралы куәлікті 3 сағат ішінде алуға болады

2017 жылғы 20 шілде 11:33
Бөлісіңіз:
Қазақстанда туу туралы куәлікті 3 сағат ішінде алуға болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Азаматтық хал актілерін тіркеу, баланың туғанда куәлік беру, қайтыс болуды тіркеу, неке бұзуды тіркеу (ерлі-зайыптылықты) секілді қызметтерді енді 3 сағат ішінде алуға болады. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі ҚР Әділет министрлігімен бірлескен пилоттық жобасы айдың басынан басталды. Бұл ретте, азаматтық хал актілерін тіркеуді тек Астананың тұрғындары ғана № 1 Есіл аудандық бөлімнен ала алатын. Енді пилоттық жобаны Е-ХҚКО қағидаты бойынша 10 облыс және Астана мен Алматы қалаларының тұрғындары пайдалана алады. Жеделдетілген режимде АХАТ бағыты бойынша қызметтерді ресімдеуге болатын ХҚКО-ның толық тізімінен табуға болды .

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-ның басқарма төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуынша, жобаның мақсаты - «Е-ХҚКО» бірыңғай қызмет көрсету орталығы қағидаты бойынша қызмет берушіден қызмет алушыға құжаттарды жедел жеткізу.

«Азаматтардың жеделдетілген режимде АХАТ қызметтерін алуы үшін, Астана қаласы бойынша біз Астана қ. № 1 ХҚКО бөлімінде АХАТ қызметкерлері үшін жұмыс орындарын, ал өңірлерде - «Е-ХҚКО» қағидаты бойынша АХАТ қызметкерлерінің ХҚКО бөлімдерімен бір ғимаратта орналасуын ұйымдастырдық. Енді олар логистикаға уақыт жоғалтпай, азаматтық хал актілеріндегі жазбаларға өзгерістер енгізу функцияларын сол жерде орындайтын болады», - дейді А.Оспанов.

Оның айтуынша, жобаны іске қосқан сәттен бастап жеделдетілген режимде 462 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның ішінде 428 - туу туралы куәлік, 17 - қайтыс болуды тіркеу, 17 - соттың шешімі негізінде некені бұзуға қатысты.

Бұрын бұл қызметтер мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, қайтыс болуды тіркеу - бір жұмыс күні ішінде, бала тууды тіркеу мен 2008 жылдан кейін тіркелген, заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде некені бұзуды тіркеу - 2 жұмыс күнінде жүзеге асырылған.

Айта кетерлігі, сағат 17.00-ден кейін берілген өтініштер бойынша көрсетілген қызметтердің нәтижесі келесі күні сағат 12.00-ге дейін берілуі тиіс.

Аталған қызметтерді көрсететін ХҚКО-лар тізімі:

Алматы қ.

1. Бостандық аудандық № 1 бөлімі -Алмагүл ш/а, Ходжанов к-сі, 9А

2. Жетісу аудандық № 1 бөлімі, Құлагер ш/а, Серіков к-сі, 6А

Ақмола облысы

3. Сандықтау аудандық бөлімі - Балкашино а., Абылайхан к-сі,119 А.

4. Зеренді аудандық бөлімі - Зеренді а., Бейбітшілік к-сі, 52

Алматы облысы

5. Ақсу аудандық бөлімі - Жансүгіров к., Қабанбай батыр к-сі, 20.

6. Алакөл аудандық бөлімі - Үшарал қ., 8 наурыз к-сі, 63.

7. Балқаш аудандық бөлімі -Бақанас а., Бижанов к-сі, 25А.

8. Қапшағай қалалық бөлімі - Қапшағай қ.. 1 ш/а., 41

9. Еңбекші аудандық бөлімі - Есік қ., Абай к-сі, 314 А

10. Есіл аудандық бөлім і- Қарабұлақ к., Шестаков к-сі, 17

11. Іле аудандық бөлімі - Өтеген батыр к., Қуат ш/а., Тәуелсіздікке 10 жыл к-сі, 23

12. Қаратал аудандық бөлімі - Үштөбе қ., Абылай хан к-сі, 22

13. Кербұлақ аудандық бөлімі - Сарыөзек к., Момышұлы к-сі, 1В

14. Панфилов аудандық бөлімі - Жаркент қ., Головацкий к-сі, 51Б

15. Райымбек аудандық бөлімі - Кеген а., Момышұлы к-сі, н/з

16. Сарқан аудандық бөлімі - Сарқан қ., Жамбл к-сі, 44

17. Талғар аудандық бөлімі - Талғар қ., Лермонтов ксі, 53А

18. Талғар ауданы Текелі қ. бөлімі секторы - Текелі қ., Тәуелсіздік к-сі, 9

19. Ұйғыр аудандық бөлімі - Шонжы а., Қасымбеков к-сі, 35

Атырау облысы

20. Мақат аудандық бөлімі - Мақат к., С. Мукашев к-сі, 36

Шығыс Қазақстан облысы

21.Өскемен қ. № 3 бөлімі - Белинский к-сі, 37А

22. Абай аудандық бөлімі - Қарауыл а., Құнанбай к-сі, 12

23. Бородулиха аудандық бөлімі - Бородулиха а., Молодежная к-сі, 25

24. Зырян аудандық бөлімі - Зырян қ. Стахановская к-сі, 39

25. Курчатов қ. бөлімі - Тәуелсіздік к-сі, 4

Батыс Қазақстан облысы

26. Бөкей орда аудандық бөлімі - Сайхин к. Бергалиев к-сі, 1

27. Сырым аудандық бөлімі - Жымпиты к. Қазақстан к-сі, 11/2

Қарағанды облысы

28. Қарағанды қ. № 2 бөлімі - Чкалов к-сі, 7

29. Қарағанды қ. № 4 бөлімі -Архитектура көш., 8

30. Балқаш қ. бөлімі - Бөкейхан к-сі, 20А

31. Қаражал қ. бөлімі - Ленин к-сі, 18

32. Қарқаралы аудандық бөлімі - Қарқаралы қ., Аубакиров к-сі, 21

33. Нұра аудандық бөлімі - Киевка к., Сүлейменов к-сі, 2

34. Осакаров аудандық № 1 бөлімі - Осакаров к., Пристанционная к-сі,12

35. Саран қ. бөлімі - Жамбыл к-сі, 85/3

36. Шахтинск қ. №1 бөлімі - Абай даңғ., 65Б

Қызылорда облысы

37. Қызылорда қ. № 1 бөлімі - Ғ. Мұратбаев к-сі, 2Е

Маңғыстау облысы

38. Мұнайлы ауданы - Маңғыстау а, 24 квартал, строение 10/3

Павлодар облысы

39. Ертіс аудандық бөлімі - Ертіс а. И. Байзақов к-сі, 14

40. Қашыр аудандық бөлімі - Тереңкөл а., Тургенев к-сі, 85А

41. Павлодар аудандық бөлімі - Павлодар қ., Толстой к-сі, 10

42. Успен аудандық бөлімі - Успен а., Тәуелсіздікке 10 жыл к-сі, 30

43. Лебяжі аудандық бөлімі-Аққу а., Ташимов к-сі, 114

44. Павлодар қ. № 2 бөлімі - Исиналиев к-сі, 24

45. Ақсу қ. бөлімі - Ленин к-сі, 10

Солтүстік Қазақстан облысы

46. Петропавл қ. № 2 бөлімі - Қазақстан Конституциясы к-сі, 72.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT