Қазақстанда түсірілген үрей тудыратын фильм ресейлік прокатқа алынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жас кинематографистер түсірген «Түнекте» фильмі қазақстандық прокатқа шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сценарий авторы және фильмнің тең продюсері  - Данияр Ақшабаев. Басты рөлдерде Данияр Бейсов, Сәбина Ералина, Рысқұл Қонақбаев, Пархат Жалилов, Максим Богомолов, Назерке Әмірова, Алмас Жарасқан ойнайды. Сондай-ақ ібілістің рөлін Албан Кәрімұлы мен Дияр Мірсадықов сомдаған.

Алматыда өткен фильмнің тұсаукесер көрсетілімінен кейін «ҚазАқпарат» тілшісі кинотуындыға қатысушыларға бірнеше сауал қойып, сынға қалай қарайтындықтарын білген болатын.

«Біз сынды да дұрыс қабылдаймыз, бәріне де дайынбыз. Бәрі де тамаша, сәтті болатын режиссерлер де бар. Бірақ, бәрінде олай бола бермейді ғой. Біз қателіктен үйренеміз әрі бұл дұрыс та», - дейді актриса Сабина Ералина.

«Әркімнің өз пікірі бар және біз оны қабылдаймыз»,- деп қостады әріптесін Рысқұл Қонақбаев.

Фильмді прокаттаушы компания қазірдің өзіне қазақстандық туындыға Ресей тарапынан қызығушылық бар екендігін айтты.

«Біз ресейлік прокатқа шығуды жоспарлап, ірі желілермен келіссөздер жүргізудеміз. Олар жұмыс материалды көріп шықты және жылдың соңына дейін Ресейдің 10 қаласында көрсетуімізге мүдделік танытып отыр»-, деді фильмді прокаттаушы компанияның өкілі Анна Дармодехина. 

Айта кетерлігі, бұл фильм осы жылдың 19 сәуірінде үлкен экранға жол тарту тиіс болатын. Алайда кейбір себептерге байланысты фильм бүгін ғана көрсетіліп отыр.

Түсірілім тобы Голливуд фильмдерінен еш кем түспейтін кино түсіруге тырысқан. Идея туындағаннан бастап, түсірілім жұмыстарына дейін 2 жыл уақыт өткен. Негізгі эпизодтар Алмаарасан мен Баум бағында түсірілген.

Автор: Альберт Ахметов

Соңғы жаңалықтар