Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық ОА-ның өзге елдерінен гөрі аз - БҰҰ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «БҰҰ әйелдері» ұйымының Қазақстандағы өкілі Илейн Коникевич отбасындағы зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету үшін дағдарыс орталықтарының санын көбейту қажеттігін  атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық - әлеуметтік ауру секілді. Біз оны жай ғана емдегіміз келмейді. Біздің ойымызша, дағдарыс орталықтарын көптеп ашу қажет. Бүгінде олардың саны өте аз. Мысалы, алыстағы аудандарда дағдарыс орталықтарының жоқтығынан әйелдердің көмек алу мүмкіндігі жоқ», - деді Илейн Коникевич Астанадағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі халықаралық конференция аясында журналистерге берген сұхбатында.

Сонымен бірге, сарапшы Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайы Орталық Азия аймағының көршілес елдеріне қарағанда жақсы екенін атап өтті.
null 

«Қазақстандағы жағдай аймақтағы басқа көрші елдермен салыстырғанда жақсы. Үкімет бағдарламаларды жеткілікті деңгейде қолдау үшін қаржылық мүмкіндіктер баршылық. Жалпы алғанда, әйелдердің жағдайын жақсартуға мұнда жағдай бар. Бұл басқа елдерге қарағанда Қазақстандағы жағдай жақсы екенін көрсетеді. Мысалы, көрші елдерде зорлық-зомбылық, жас қыздарды ұрлау және тағы басқа жағдайлардың көп екенін білеміз », - деді Илейн Коникевич.

Еске сала кетсек, елордада «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясы шеңберінде «Тиімді ынтымақтастық арқылы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу: дағдарыс орталықтарын дамытудың жаңа кезеңі» атты халықаралық конференция өтіп жатыр.

Конференция жұмысына Парламент депутаттары, Ұлттық комиссия мүшелері, орталық мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері, ІІМ қызметкерлері, сондай-ақ АҚШ, Германия, Австрия, Румыния, Италия, Черногория елдерінің сарапшылары қатысуда.

null 

Соңғы жаңалықтар