+7 (701) 759 90 19
USD 425.75 EUR 499.32
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық көргендерді татуластыру алынып тасталуы мүмкін

2021 жылғы 26 шілде 12:41
Бөлісіңіз:
Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық көргендерді татуластыру алынып тасталуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жауапкершілік күшейтілмек. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысында притон ұйымдастырған ер адам ұсталды Өскеменде жасөспірімдер арасындағы қылмыс азайды СҚО-да «Ата жолы» әдісін ұстанған «емші» жауапкершілікке тартылды

«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, құқық қорғау органдары әкімшілік іс жүргізуді зардап шегушінің өтінішінсіз де іске асыра алады. Дегенмен отбасылық зорлық-зомбылық көрген әйел, яғни зардап шегуші, көп жағдайда күйеуіне психологиялық, қаржылық жағынан тәуелді болғандықтан мәселені ушықтырғысы келмей, татуласуға келісімін береді. Өткен жылы бізге еліміз бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбанымын деп жазылған 190 мың өтініш келіп түсті. Соның 4/1 ғана сотқа дейінгі тергеуге жіберілді. Жалпы, зорлық-зомбылыққа қатысты әкімшілік іс жүргізудің 60 пайызы екіжақтың татуласуына байланысты тоқтылады. Осы орайда біз тұрмыстық зорлық-зомбылық орын алған жағдайда екіжақтың татуласу процесін қайта қарауды қолға алып жатырмыз. Яғни, алдағы уақытта күйеуі тарапынан әйеліне қол көтеру қайталанған жағдайда, татуласуды болдырмау жоспарда бар», - деді Алексей Милюк ҚР ІІМ-де онлайн өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетсек, бұған дейін жалған медициналық құжаттар сатқан 3 түркістандық азамат ұсталғаны туралы хабарлаған едік.

Одан бөлек, еліміздің ІІМ Алматыда өгей қызын өлтірді деген күдікпен 47 жасар ер адамның қамалғаны туралы хабарлады.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT