Қазақстанда туризм саласында тұңғыш ұлттық сыйлық жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Kazakh Tourism» АҚ ұлттық компаниясы туризмнің барлық саласын қамтитын  «NATIONAL TOURISM AWARDS-2018» сыйлығын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Туризм саласындағы ұлттық байқау сала индустриясын дамытудағы жетістіктері үшін берілетін марапат ретінде тағайындалды.

Мақсаты - еліміздің ішкі және сыртқы туризмі саласындағы ең табысты жобаларды, турөнімдер мен үздік туроператорларды анықтау. Сондай-ақ, салаға инвестиция тарту мен туристік өнімдердің бірыңғай ақпараттық базасын құру.

Байқауға қатысуға туризм саласына қатысты ұйымдар мен оның өкілдері шақырылады.

17 арнайы және 2 қосымша номинациядан тұратын байқауға өтінім 2018 жылдың 10 қарашасына дейін қабылданады, ал 19-28 қараша аралығында онлайн дауыс беру жүргізіледі. Марапаттау рәсімі осы жылдың 8 желтоқсанында Астанада өтеді.

«NATIONAL TOURISM AWARDS-2018» байқауының номинациялары:

- «Жылдың үздік жобасы» (фестивальдер, байқаулар, көрмелер, концерттер, карнавалдар, соның ішінде балаларға арналған);

- «Үздік туристік компания»;

- «Шетелдік туристер үшін үздік туристік өнім»;

- «Отандық туристер үшін үздік туристік өнім»;

- «Үздік гид-экскурсия жүргізушісі»;

- «Үздік бизнес қонақ үй»;

- «Туристер үшін үздік қонақ үй» (ұсынылатын қызметтер тізіміне сәйкес);

- «Үздік аймақтық қонақ үй»;

- «Үздік шипажай» (қызмет көрсетуі, тазалығы, қызметкерлер құрамы);

- «Үздік хостел»;

- «Балалар мен жастарға арналған үздік туристік жоба»;

- «Туризм саласындағы үздік идея» (бұрын іске асырылмаған);

- «Туризм туралы үздік Instagram парақша»;

- «Жылдың Travel фотографы»;

- «Қазақстан туризмі туралы үздік мақала»;

- «Туризм тақырыбындағы үздік TV жоба»;

- «Туризм бойынша үздік интернет жоба».

Қосымша номинациялар:

- «Туризмге қосқан үлесі үшін»;

- «Қазақстан туризмін дәріптеуге қосқан үлесі үшін».

Байқауға өтінім мен оған қатысты толық мәліметті www.tourismawards.kz сайтынан білуге болады. 

Соңғы жаңалықтар