+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 385.16 EUR 425.95
RUB 6.01 CNY 54.51
Jańalyqtar

Қазақстанда туристік полиция құрылды

2019 жылғы 19 сәуір 14:15
Бөлісіңіз:
Қазақстанда туристік полиция құрылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен ІІМ алқа отырысында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мемлекет басшысына елімізде туристік полиция құрылатыны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еліміздің Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бекіткен туристік саланы дамыту тұжырымдамасы аясында ІІМ бастамасымен «Е-виза», «Е-қонақ үй» электронды базасын құру жөнінде ұсыныс жасалды.
Қазақстанда туристік полиция құрылды

Бүгінде 117 елдің азаматтары үшін электронды түрде рәсімделеді және мемлекеттік шекарадан өткен бойда автоматты түрде тіркеледі. «Е-қонақ үй» мәліметтер базасы шетелдіктердің тұратын жерінен есеп жүргізуге мүмкіндік береді және тіркелу үшін міндетті түрде полицияға келудің қажеттігі болмайды.
Қазақстанда туристік полиция құрылды

Өз кезегінде, шетелдіктерді және инвесторларды тарту үшін және шетел азаматтарының елімізге келген кездегі қауіпсіздігі мен жайлылығын жаңа бөлініс - туристік полиция қамтамасыз ететін болады.
Қазақстанда туристік полиция құрылды

Туристік полицияның басты міндеті - келген туристер мен қонақтарға қызықтырған сұрақтар бойынша кеңестер, ақпараттар беру және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Бірінші кезеңде бұл бөліністер Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында, Ақмола, Алматы, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарында құрылды.

Туристік полиция қызметкерлері бейнетіркеуіштермен, планшеттермен, рациямен жабдықталады және олар мемлекеттік тілді, орыс және ағылшын тілдерін, еліміздің тарихын білуі тиіс, сондай-ақ тез тіл табыса білетін және жедел әрекетке әрдайым дайын болуы керек.

Қасым-Жомарт Тоқаев инвестициялық жайлы климатты қалыптастыруда шетелдіктердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды екенін атап көрсете отырып, шетелдік туристермен жұмыс барысында жекелеген полиция бөліністерін мамандандыру бойынша қабылданып жатқан шараларды мақұлдады.


Қазақстанда туристік полиция құрылды

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT