Қазақстанда туристер саны көбейеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында туризм саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, аталған жұмыстардан соң туризм саласындағы жұмыс орындарының саны артуы тиіс.

«Шын мәнінде туристік өнімді қалыптастыру аясында жұмыс орнын көбейтуге үш жылға 3,3 миллиард теңге, яғни әр жылы 1,1 миллиард теңге сомасында қолдау көрсетілді. Жұмыс орнын арттыру 2017 жылы 635 миллион теңге бюджеті бар "Қазақтуризм" ұлттық компаниясының құрылуымен байланысты болды. Жобалық басқару аясында жұмыс орындарын 417 мыңға дейін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз", - деді ол.

Вице-министрдің айтуынша, Қазақстандағы туристер саны да едәуір арта түспек.

"Биыл және алдағы жылдары «BBC worldnews» веб-порталында жарнама жасауды жоспарлаудамыз, бұл 124 миллион теңгеге айналады. Жұмыс орындары мәселесіне келер болсақ, 417 мың орынға дейін көбейту көзделген, ал туристер санын 30%-ға, яғни 3,2 миллион адамға дейін арттырғымыз келеді. 2016 жылмен салыстырмалы түрде алып жатырмыз, себебі биыл ЭКСПО көрмесі өтті, бұл бірегей оқиға", - деп атап өтті А.Райымқұлова.Фото brod.kz

Фото brod.kz

Соңғы жаңалықтар