+7 (701) 759 90 19
USD 377.19 EUR 408.99
RUB 5.93 CNY 54.02
Jańalyqtar

Қазақстанда тұрғындардың тыныштығын бұзу фактісі үшін жаза күшейтілді

2020 жылғы 5 қаңтар 14:06
Бөлісіңіз:
Қазақстанда тұрғындардың тыныштығын бұзу фактісі үшін жаза күшейтілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы қол қойған «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңында тұрғындардың тыныштығына кедергi келтiргендер үшін айыппұл сомасы артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы германиялық компанияларға Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері туралы айтты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «BayWa AG» компаниясының басшысымен кездесті Тоқаев барлық атқарушы органдардың басшыларына тың тапсырма берді

Атап айтқанда, тыныштықты бұзу жағдайында жауапкершілікті күшейту қадамдары 437-бапта ескерілген. Яғни жеке тұлғалардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергi келтiретiн, түнгi уақытта (сағат 23-тен таңғы 6-ға дейiн) тыныштықты бұзу, оның iшiнде тұрғын үй-жайларда және олардың сыртында шұғыл қажеттiлiкпен байланысы жоқ шу шығаратын жұмыстарды жүргiзуге байланысты тиісті жазаны қарастырып отыр.

«...437-бапта: бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «жеке тұлғаларға – бес, шағын кəсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кəсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кəсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді», - делінген Мемлекет басшысы қол қойған Заңда.

Сонымен қатар, екінші бөліктің екінші абзацы да жаңа редакцияда (Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған дәл сол әрекет) жазылған.

«Жеке тұлғаларға – он, шағын кəсіпкерлік субъек тілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кəсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, ірі кəсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді», - деп атап өтілген Заң мәтінінде.

Осылайша, тыныштық бұзғаны үшін, оның ішінде қайталанып жасалған әрекетке жеке тұлғаларға айыппұл сомасы өзгермеген, ал кәсіпкерлік субъектілеріне шамамен екі есеге артқан.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекске өзгерістер енгізілді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT