Қазақстанда тұрғын үй сатып алушылар саны өсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қыркүйекте елімізде тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері артты. Бұл жайында ҚР ҰЭМ Статистика комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомство мәліметінше, осы жылдың қыркүйегіндегі тұрғын үйді сатып алу-сатудың тіркелген мәмілелерің 35 359-ды құрады және өткен аймен салыстырғанда 17,2 пайызға артты.

2020 жылғы қаңтар- қыркүйектегі тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 9,5 пайызға кеміді. Өткен жылы мұндай мәмілелердің саны 212 986 болған еді.


Соңғы жаңалықтар