+7 (701) 759 90 19
USD 425.07 EUR 494.14
RUB 6.06 CNY 66.55
Jańalyqtar

Қазақстанда тұрғын үй бағдарламасына қатысты табыс коэффициенті өзгеруі мүмкін

2021 жылғы 13 қазан 23:27
Бөлісіңіз:
Қазақстанда тұрғын үй бағдарламасына қатысты табыс коэффициенті өзгеруі мүмкін

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде тұрғын үй бағдарламасына қатысты табыс коэффициенті өзгеруі мүмкін. Бұл туралы «Отбасы банкі» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова мәлім етті, деп ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған банк басшысы Baigenews.kz ақпарат агенттігі жобасының кешкі тікелей эфиріне қатысты. Әңгіме қазақстандықтарды тұрғын үймен қамту мәселесіне арналды.

Сұхбат барысында қонаққа «Нұрлы жер» және «Шаңырақ 5-10-20» мемлекеттік бағдарламалары бойынша тұрғын үй сатып алуға ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,7 болып белгіленген коэффициент кедергі болып отыр, осы орайда шартты қайта қарау мәселесі қаралып жатқан жоқ па деген сауал қойылды.

«Бұл заң осыдан 25 жыл қабылданған болуы керек. Ол кезде коммерциялық компания қызметкерлерінің табысы жоғары болды. Қазір жағдайда басқаша. Бүгінде мемлекеттік мен бюджет қызметкерлерінің табыс көлемі тұрақты, бірақ жоғары емес», - деп жауап берді Ләззат Ибрагимова.

Оның айтуынша, аталған тұрғын үй бағдарламасына қатысушылардың табыс көлеміне қатысты шектеу бар.

«Егер үй кезегінде тұрған мемлекеттік қызметкер келіп, мысалы, мен департамент басшысымын табысым 500 мың теңге, әйелімнің табысы 400 мың теңге және 2 баламыз бар десе. Әрине, ол кісінің өтініші қанағаттандырылмайды. Өйткені отбасылық табыс 1 млн-ға жуықтап тұр. Сол үшінде ең төменгі күнкөріс деңгейі 3,7 коэффициентімен белгіленді. Бұл шарт 2 жылдан астам сақталып келеді. Біз қазір ең төменгі күнкөріс деңгейін 3,7-ден 6 коэффициентке дейін арттыруды қарастырып жатырмыз», - дейді ол.

Бұған дейін «Отбасы банкі» басшысы елімізде әйелдер ипотекасы қалай жүзеге асып жатқанын айтып берді.

Одан бөлек , Л. Ибрагимова «Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасына қатысты пікір білдірді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT